Алматы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Асқар Рамазанұлы Қожабаев облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Асқар Рамазанұлы Қожабаев 1968 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын Көксу қоғамдық тамақтану комбинатының бухгалтері болып бастады. Әр жылдарда Көксу аудандық қаржы бөлімінің аға экономисі, Балпық би кентінің Ұлттық банк есептік-кассалық орталығы басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық банкінің Талдықорған облыстық операциялық бөлімі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, Талдықорған облыстық бюджеттік банк басқармасының басшысы, Талдықорған қалалық бюджеттік банк бөлімінің басшысы, Талдықорған қалалық қазынашылық бөлімі басшысының орынбасары, Көксу аудандық қаржы бөлімінің басшысы, Алматы облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2005 жылдың қыркүйегінен - облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.