Алматы облыстық Мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Әмірғалиев Ермек Еркенұлы Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ермек Әмірғалиев 1981 жылы туған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы - экономист-менеджер.
Еңбек жолын Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бөлімінің жетекші маманы болып бастады. Кейін облыстық қаржы басқармасының мемлекеттік сатып алу және бір жолғы талондарды беруге рұқсат ету бөлімінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және мониторинг бөлімінің жетекші маманы, облыстық құрылыс басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының міндетін атқарушы қызметтерін атқарды.
Ал, Алматы облысы әкімінің өкімімен Дастан Тұрарбекұлы Шалтабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметінен босатылды.