Алматы облыстық полиция шенеунігі тергеуге ілікті ме – Бас прокуратура жауабы

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокуратурасы Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов тергеуге алынуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция шенеунігі тергеуге ілікті ме – Бас прокуратура жауабы


«Қазіргі уақытта Рүстем Әбідірахманов орнында, қызметінен шеттетілген жоқ. Ол рейдерлік іске қатысты куәгер саналады және куәгерлердің қатарында. Күдікке іліккен жоқ. Одан жауап алынды, тергеу іс-шаралары жүргізілді», - деді ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Елдос Сағиев ведомствоның биылғы жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар Бас прокуратура өкілі оған қатысты тінту іс-шараларының жүргізілмегендігін, ұялы телефоны тәркіленбегендігін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысының полиция департамент бастығының орынбасары Рустам Абдрахмановтан жауап алынғаны туралы хабарланды.