Алматы облыстық соттың 9 судьясы коронавирус жұқтырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық соттың 9 судьясы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жағдайларға байланысты сот ғимараты карантинге жабылды. Қызметкерлер қашықтан жұмыс жасауға көшірілді, ал сот істерін қарау кейінге шегеріледі.

«Тестілеу нәтижесіне сәйкес, Алматы облысы сотының 9 судьясынан COVID-19 инфекциясы анықталып отыр. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында. Сонымен бірге, облыстық сот ғимараты жабылып, барлық қызметкерлер үй карантиніне оқшауланды. Ғимараттың жалпы сырты және ішіне дезинфекция шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта карантин кезеңінде облыстық сотпен қылмыстық процессуалдық кодекстің 107-бабымен келген материалдар ғана кейінге қардырылмай қаралады. Ал қалған санаттағы сот қарауындағы істер уақытша тоқтатылды», - деді Алматы облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Самат Авганов.


Соңғы жаңалықтар