Алматы облыстық соты «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» конкурсының жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны насихаттау мақсатында биылғы 15 сәуір - 15 маусым аралығында облыстық және оған теңестірілген соттар арасында «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» республикалық конкурс ұйымдастырылды.
None
None

Осы конкурсқа жекелеген облыстық және оған теңестірілген соттар белсенді қатысып, сапалы дайындалған материалдарын конкурсқа ұсынды. Конкурстың қорытындыларын шығару кезінде комиссияға ұсынылған материалдар жан-жақты талқыланып,  шешім шығарылды.

2016 жылы «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» атты республикалық конкурста бірінші орын - Алматы облыстық сотына, екінші орын - Қостанай облыстық сотына және үшінші орын - Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстық соттарына берілді.

Алматы және Қостанай облыстық соттары апелляциялық сот алқасында істің қазақ тілінде қарауына облыстық соттардың төрағалары М.Таймерденов пен А.Мерғалиевтің өзі қатысқанын атап өткен жөн. Мұның өзі облыстық сот төрағасының сот істерінің мемлекеттік тілде жүргізілуіне жауапкершілікпен қарайтынын білдіреді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты апелляциялық сот алқасының отырысын конкурстың барлық талаптарына сай дұрыс түсірген. Прокурордың қорытындысы жатық. Адвокат та қазақ тілінде жақсы сөйлейтінін көрсеткен. Сондықтан конкурс жеңімпаздарын анықтау кезінде соңғы облыстық соттардың материалдарына лайықты орын берілді.

 

 

Соңғы жаңалықтар