Алматы облыстық ТЖД кадрлық ауыс-түйіс болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне жаңа басшы  тағайындалды. Департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Дарынбек Есалыұлы Байсариев Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жаңадан тағайындалған бастығын, азаматтық қорғау подполковнигі Рамиль Тагирович Бояровті гарнизонның жеке құрамына ұсынды.

Алматы облыстық ТЖД кадрлық ауыс-түйіс болды

Азаматтық қорғау подполковнигі Р.Т.Бояров бұрын Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің Талдықорған қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.

null  

Бояров Рамиль Тагирович 1977 жылы 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданы Бақты ауылында дүниеге келген.

null  

1999 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша, 2002 жылы ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша білім алған және  2013 жылы Талдықорған қаласының І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

null null