Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары А. Баталов «Құрметті жолшы» белгісімен марапатталды
АСТАНА. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат - Кеше ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Амандық Ғаббасұлы Баталовты «Құрметті жолшы» белгісімен марапаттау рәсімі болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Награданы тапсырып тұрып көлік ведомствосының басшысы Әбілғазы Құсайынов, «бұл марапаттың Амандық Баталовқа көп жылғы адал еңбегі мен Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары саласын дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін беріліп отырғандығын» атап көрсетті. Сонымен бірге, министр «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруда облыстағы атқарылған жұмыстың ауқымы мен сапасына биыл сол өңірді аралаған кезде айқын көз жеткізгендігін айтты. Сөз соңында облыста қалыптасқан жұмыс қарқыны келесі жылдарда да сақталады деген сенімін білдірді», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.