20:20, 06 Мамыр 2020 | GMT +5
Алматы облысы Кербұлақ аудандық соты төрағасының өкілеттігі тоқтатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысы, Кербұлақ аудандық соты төрағасының өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы облыстық сотының осыған дейін жариялаған баспасөз-баянына қосымша қызметтік тексеру жүргізу үшін ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асановтың Өкімімен Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Д.Сейітовтың өкілеттігі тоқтатылды»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін әлеуметтік желілерде саунаға түсіп жатқан адамдардың видеосы тарады. Ролик авторының сөзінше, кадрда Алматы облысындағы аудандық соттың судьясы бар.