Алматы облысы: меценат мұқтаж жандарға үй салып берді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында әлеуметтік әлжуаз топтар санатындағы отбасылар мен мүгедек жандар жаңадан салынған жеке тұрғын үйлердің кілттеріне ие болды. Жекеменшік тұрғын үйлерді «Туған жер» жобасына орай меценаттардың бірі жеке қаржысына тұрғызған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None



Тұрғын үй кілттерін осы үйлерді өз қаражатына салған «BN INVEST» қаржылық-өндірістік компаниясы» ЖШС президенті Болат Назарбаев табыстады.

Салтанатты шара барысында қоныс иелеріне Шамалған аулының тұрғыны Мырзабек ақсақал бата беріп, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жылы лебізін білдірді.

Тұрғын үйге қол жеткізген азаматтардың бірі, мүгедек жан Рақым Сағындықов. «Мұндай игілікті істі атқарған азаматтарға айтар алғысымыз шексіз. Туған жерін түлету, мұқтаж жандарға қол ұшын беру - үлгі аларлық іс, үлкен жүректі адамның ғана қолынан келетін жомарттық», - деді ол.



Шамалған ауылында орналасқан 17 тұрғын үйдің құрылысына 124,5 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Бұдан бөлек, инженерлік жүйлермен қамтуға кеткен қаржының өзі 35 млн. теңгеден асады. Биылғы жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары небәрі 5 айдың ішінде толығымен аяқталып, көптің игілігіне ұсынылып отыр. Орталықтандырылған газ, су жүйелеріне қосылып, электрмен қамтамасыз етілген әр үйдің аумағы 120 шаршы метрді құрайды.

Айта кетерлігі, аталмыш тұрғын үйлерге су жүйесін жүргізу барысында игі істің шарапаты өзгелерге де тиіп, құрылысқа жақын орналасқан тағы 75 үй де орталықтандырылған су жүйесіне меценат есебінен қосылған.

  

  

Соңғы жаңалықтар