Алматы облысы прокурорының көмекшісі пара алды деген күдікпен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы прокурорының көмекшісі  пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Алматы облысы прокурорының көмекшісі пара алды деген күдікпен ұсталды

«24 қарашада Алматы қаласында Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен бірлесе отырып ҚР ҚК 366-бабының 2 бөлімінде (пара алу) көзделген қылмысты жасады деген күдікпен Алматы облысы прокурорының көмекшісін ұстап, уақытша ұстау оқшаулағышынаа орналастырды, делінген ведомоствоның Фейсбуктегі хабарламасында.

Бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.