Алматы облысы шетелдік мамандардың тапшылығын сезінуде

ТАЛДЫҚОРҒАН.  Қыркүйектің  9-ы.  ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - 2009 жылғы қыркүйектің  1-індегі   жағдай  бойынша   Алматы  облысында  Жол  картасының  барлық инвестициялық жоспарларының  орындалуы  10,3 миллиард теңгені  құрады,  бұл   ағымдағы айдың  жоспарының  98,9 пайызын  немесе  жылдың  жоспардың  80,7 пайызын шамалайтын көрсеткіш.   
None
None

Облыстық  еңбекпен  қамту  және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының  орынбасары Еркін  Қабиев    Жол  картасының  жүзеге асырылуын   реттеу және  мониторингілеу  жөніндегі  комиссияның  кезекті  отырысында  осы  мәліметтерді  жария етті.

«Жол картасының»  283 жобасының 106-сы  аяқталды,  оның  төртеуі - тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығының жобасы  болса, 40-ы -  жол жөндеу саласының,   50 жоба -   білім    нысандарының,   екеуі - спорт саласының,  10-ы    - елді мекендерді абаттандырудың  жұмыстары.   Тендерлер  өткізудің  нәтижесінде  үнемделген    482 миллион теңге сомаға  34   инвестициялық жоба    әзірленіп  отыр,  оның 22-сі   салалық  министрліктермен  келісіліп  те  қойды.   12 жоба  бойынша техникалық құжаттар    әзірленуде.

Е. Қабиев   сондай-ақ,   кадрлар мәселесіне  де тоқталды.  Басты проблема  -   2501   шетелдік  жұмысшыны отандық мамандармен  алмастыру мәселесі.     Шетелдік  жұмыс күштерін тартуға  квота   өткен жылмен  салыстырғанда  2,7 есеге  қысқартылды,  бірақ   шетелдік мамандарды  отандық    мамандармен  алмастыруға мүмкіндік  жоқ.

«Еңбек  және  әлеуметтік   қорғау министрлігімен  келісілді,  біздің  облыс   391 маман  дайындайтын  болды»,  - деді Қабиев.   Осыған   бөлінген    қаражат  толық игерілмей  қалады  деп  күтілуде.  «Бұл  проблема  комиссия  мәжілістерінде    егжей-тегжей талқыланды  және   бұл мәселемен  әрі  қарай да  жұмыс істей  бермекпіз», -  деп атап көрсетті  облыстық  еңбекпен  қамту  және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының  орынбасары Еркін  Қабиев.

Соңғы жаңалықтар