Алматы облысы: Үш адам Балқаш көлінің ортасында қалып қойды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Үш адам Балқаш көлінің ортасында қалып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Балқаш көлінің Алматы облысына қарасты аумағында УАЗ автокөлігін мінген үш адам көл ортасында қалып қойған. Батыстан соққан жел салдарынан мұз жарылып, балықшылар жағаға жете алмаған.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға 28 наурызда болған.

«Көлде қалған азаматтар видео түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Олар ауа-райының қолайлығын күтіп, жағаға өз күштерімен шыққан. Үшеуі де Сарқан ауданы, Мұқан Төлебаев ауылының тұрғындары», дейді ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.


Соңғы жаңалықтар