Алматы облысы: «Үшарал - Достық» автожолында көлік қозғалысы шектелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Үшарал - Достық» автожолында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
««ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалы хабарламасы бойынша 25 желтоқсан күнгі сағат 22:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, шектеулі көріну) Республикалық маңызы бар «Үшарал - Достық» автожолында (84-184 км, Көктұма-Достық ауылы) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», - делінген хабарламада.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуға және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.