Алматы облысы Ұйғыр ауданында суға батып кеткен Ұлыбритания азаматшасын іздестіру жұмыстары жүргізілуде

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Шарын өзеніне Ұлыбритания азаматшасы батып кетті. Іздестіру жұмыстары жүргізілуде,
None
None

деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Мамырдың 3-і күні 15 сағат 30 минутта Шарын шатқалында өзен жағасының бойымен серуендеуге шыққан 67 жастағы әйел абайсызда суға құлап кетіп, тасыған өзен оны төменге қарай ағызып әкеткен.

Қазір ТЖМ «Қазавиаспас» Мемлекеттік мекемесінің тікұшағы мен Алматы облысы бойынша ТЖД-ның жеке құрамдағы 23 адамы мен 3 техникасы шетелдік азаматты іздестіруде.

Соңғы жаңалықтар