Алматы облысына қарасты Жыланды шатқалының Қараш тауында 100 гектар құрғақ шөп өртенді - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы облысына қарасты Жыланды шатқалының Қараш тауында 100 гектар құрғақ шөп өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Алматы облысына қарасты Жыланды шатқалының Қараш тауында 1 қыркүйекте құрғақ шөп өртенді. Жалын шарпыған аумақ 100 гектарды құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 1 техникасы, «Түрген орман шаруашылығы» ММ-нің 60 адамы, «Қазавиаорманкүзет» мекемесінің 10 адамы мен 1 тікұшағы жұмылдырылды.