Алматы облысына веложарысқа келгендер тіркеу талонымен дауыс берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазір Алматы облысында «Grand Fondo Kazakhstan Tour of Zhetysu 2019» атты халықаралық жарыс өз мәресіне жетті.

Бұл сайысқа қатысқан қазақстандық спортшылар Көксу ауданындағы Мұқыры ауылында дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан атынан қатысқан велоспортшылар өздерімен бірге сайлауға тіркеу талондарын ала келіп, Мұқыры ауылдық округіндегі сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады. Сайлауға қатысып, азаматтық борышын білдіргендердің арасында Алматы облыстық велоспорт федерациясының президенті Серік Тұрдалиев те бар.

Серік Мелісұлының айтуынша халықаралық жарыс республикадағы саяси науқанға еш кедергісін жасаған жоқ. Керісінше, екі шарада да олар белсенді болуға тырысқандарын жеткізді.

Екі күнге созылған велобәйгеге 10 мемлекеттен 300-ден астам велошабандоз қатысты. Бірінші күні олар Талдықорған қаласының айналма жолдарында мықтыны анықтаса, екінші күні Мұқыры тауының бөктерін айналып, 104 шақырымға жарысқа шықты.

Айта кетейік, Алматы облысында тұратын 2 млн халықтың 1 млн 400 мыңы сайлауға қатысуға құқылы. Өңірде 1040 сайлау учаскесі бар. Ол жерде президенттікке үміткерлердің 2100-ден астам сенімді өкілі мен шетелден келген байқаушылар сайлау барысын қадағалап отыр. Жалпы облыста 700-ден астам елді мекен бар.

null null

Соңғы жаңалықтар