Алматы облысынан келген екі бойжеткен Атырауда жезөкшелікпен айналысқан

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық полицейлер жезөкшелікпен айналысқан екі азаматшаны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысынан келген екі бойжеткен Атырауда жезөкшелікпен айналысқан

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, №5 УПБ-н учаскелік полиция инспекторлары «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында үй-үйді аралаған.

Рейд кезінде Атырау қаласы Жарбосынов көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің пәтерінен жезөкшілікпен айналысып жүрген екі әйел табылған.

Олар - Алматы облысының тұрғындары.

Қос азаматшаға ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 449-бабы 1 бөлімі (белгіленбеген орында табыс табумен айналысқан) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Екеуі Атырау облысы полиция департаментінің профилактикалық есебіне тіркелді.