Алматы облысынан Мақтааралға 260 тонна көмек жеткізілді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысынан аттанған қайырымдылық керуені су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтаарал ауданына жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 жүк көлігіне 260 тоннадай ең қажетті зат тиелген.
Атап айтсақ, азық-түлік, тұрмысқа қажет гигиеналық заттармен қатар құрылыс материалдары да бар.
100 тонна цемент, 20 мың кірпіш, 10 тонна құрғақ қоспа, мен 15 тонна гипсокартон ауылдағы ағайынның мұқтажына жарап қалар деген ниетпен жеткізілді. Сондай-ақ керуенде жетісулық волонтерлар да бар. Жастар құрылыс жұмыстарына қатысып, елдімекендердің қалпына келуіне үлес қосады.
«20-ға жуық еріктіміз Мақтарал ауданына барды. Олар қолдау көрсетіп жұмыс жасауға дайын. 10 күндей сол жерде белсенді жұмыс атқармақ «, - деді Алматы облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Қаратас.