Алматы облысында 1 мыңға жуық науқас коронавирустан емделіп жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 202 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Алматы облысында 1 мыңға жуық науқас коронавирустан емделіп жатыр

Соның ішінде Талдықорған қаласында - 76 жағдай, Іле ауданында – 35, Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарында 12 жағдайдан, Қаратал ауданында – 11, Текелі қаласында – 10, Жамбыл және Панфилов аудандарында 9 жағдайдан, Ескелді, Көксу және Талғар аудандарында 8 жағдайдан, Ұйғыр ауданында – 2, Ақсу және Балқаш аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 247 адам емделіп шықты. Өңір «қызылдан» «сары» аймақта өтті.

«9 ақпандағы жағдай бойынша өңірде 947 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. Бір тәулікте ауруханаларға 71 адам түсті. Өңір ауруханаларындағы төсек-орын саны – 2780. Төсек-орын жүктемесі – 34 %. Жансақтау бөлімінде 20 адам ем қабылдауда. Жансақтау бөліміндегі төсек-орын жүктемесі - 7,1% (280 жатын орын). Соңғы 3 күнде 5813 адамның коронавирусқа сынамаcы зертханада тексерілді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алғандар саны – 956 756.

Екпенің екінші компонентін 874 857 адам салдырған.