21:04, 19 Мамыр 2023 | GMT +6
Алматы облысында 10 оқушы астан уланып, ауруханаға түсті
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысында 10 оқушы астан уланып ауруханаға түсті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«19 мамыр күні сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасына 10 оқушы астан уланып түсті.
Олар Байтерек ауылындағы мектептің 5-ші сынып оқушылары. Балаларға барлық медициналық көмек көрсетіліп, тексеруден өтті.
7 баланың жағдайы тұрақты, олар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Ал қалған 3 оқушы инфекциялық бөлімшеге жатқызылды. Жағдайлары орташа ауыр, тұрақты», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.