Алматы облысында 10 жасар оқушы дәретхана тесігіне түсіп кеткен сәбиді құтқарды
15 шілде күні сағат 10:36-да Алматы облысы төтенше жағдай департаментінің кезекшісіне Алматы қаласы дағдарыс жағдайлары басқармасының кезекшісінен хабар түскен.
Айтуынша, 14 шілде күні Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында Көкдала көшесінде тұратын 2011 жылы туған бала сағат 09:40 шамасында қазылған шұңқырдан (дәретхана) 2019 жылы туған көрші қызды алып шыққан.
Үш жасар қыздың анасынан қыз баланың дәретханаға құлап кеткенін естіген соң әкесі мен баласы көмекке асықты.
Алдымен ер адам дәретхананың тесігіне өзі түспек болған. Бірақ саңылау тым кішкентай еді. Өзін төмен түсіруге де мүмкіндік болмады.
Сонда он жасар Әлихан қазылған шұңқырға түсуге өзі сұранды. Ол сол дәретхананың кішкентай тесігіне өзі ғана сиятынын түсінді.
Ұлын арқанмен байлап, баланың әкесі оны дәретхана тесігінен төмен түсіріп, алдымен қызды, содан кейін ұлын тез шығарып алды.
Балалар улы газдан тұншығып қалуы мүмкін еді. Бірақ баланың батыл және тез әрекеттерінің арқасында екеуі де аман шықты және медициналық көмекті қажет етпеді.
Батыр бала қыздың өмірін сақтап қалғаны үшін ведомстволық марапатқа ұсынылады.