Алматы облысында 100-ден астам қару иесі жауапқа тартылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тәртіп сақшылары қару-жарақ айналымына бақылауды күшейтті. Қазір өңірде «Қару» жедел шарасы жүріп жатыр. Бірнеше тәулік ішінде 100-ден астам қару иесі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында 100-ден астам қару иесі жауапқа тартылды

Шараның алғашқы күнінде әр түрлі қаруы бар 1701 азамат тексерілді. 115 қару иесінің лицензиясы мен рұқсат құжаттары дұрыс болмай шықты. Қару-жарақты заңсыз сақтаудың 6 фактісі анықталып, оның екі жағдайында, яғни Қарасай ауданы мен Қапшағай қаласында қылмыстық іс қозғалды.

Қару сақтаудың тәртібіне мән бермей ереже бұзған 111 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға  3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Полиция қызметкерлері байланыссыз қалған 15 қару иесінің мекен-жайын нақтылады.

«Қару» алдын алу шарасының қанша күнге жалғасатыны әлі белгісіз.