09:57, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматы облысында 12 адам тамаққа уланып, ауруханаға түсті
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат – Алматы облысы Қаскелең қаласының ауруханасына 12 адам тамаққа уланып түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қарасай ауданының Ақжар кентінен төрт әйел, жасөспірім және кәмелетке толмаған екі қыз ақпанның 22-сінде ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің ұйғаруынша, олар салаттан немесе шұжық бұйымдарынан уланған. Аурулардың жай-күйі бірқалыпты.