Алматы облысында 126 мың гектар суармалы жер айналымға қосылады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 126 мың гектар суармалы  жер  айналымға қосылады. Қайта жаңғырту жұмыстары  арнайы бағдарлама аясында жүзеге асатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында 126 мың гектар суармалы жер айналымға қосылады

Суармалы алқаптарды көбейту мақсатындағы жұмыстар кезең-кезеңмен іске асады. Суару каналдарын жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңін Ислам даму банкі қаржыландырады. Нақтырақ айтқанда, 4446,3 шақырым суару каналдарының 1618,461 шақырымы қалпына келтіріледі. Бұл жұмыстар 2017-2019 жылдары жүзеге асып, 35, 4  мың гектар суармалы жерді айналымға қосу жоспарлануда. Құрылыс монтаждау  жұмыстарының құны  14 млрд теңге.

Айта кету керек, Елбасының биылғы Жолдауында еліміз бойынша суармалы егіс алаңын 40 пайызға кеңейтіп, 2 млн гектарға жеткізу тапсырылған. Бұл өз кезегінде отандық өнім үлесін арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.