Алматы облысында 17 мың жеке шаруа кооперативтерге бірікті
Атап өтілгендей, өткен жылы ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 647,6 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 103,3% жетті. Облыстың агроөнеркәсіп кешеніне 67 млрд теңге инвестиция тартылған. Жалпы сомасы 22,9 млрд теңге болатын 77 инвестициялық жоба іске қосылып, 1397 жұмыс орны құрылды.
«Өңір үшін стратегиялық маңызы бар дақылдар: майбұршақ көлемі - 9,3 мың гектарға, дәнді жүгері - 2,7 мың, қант қызылшасы 2,3 мың гектарға ұлғайды. Ал ауылшаруашылық дақылдардың жалпы көлемі 947,8 мың гектарға жетті. Егін шаруашылығы өнімінің өндірісі 2,2% ұлғайып, 1,3 млн тонна астық, 334 мың тонна қант қызылшасы, 293 мың тонна майлы дақылдар, 1,8 мың тонна картоп, жеміс және көкөніс өндірілді», - деді Амандық Баталов.
Сондай-ақ аймақ басшысының айтуынша, облыста 1637 гектар бақ отырғызылған.
Айта кету керек, Алматы облысы ауылшаруашылық көрсеткіштері жағынан республикада бірінші орында тұр.