Алматы облысында 19 оқушыдан «COVID-19» анықталды

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, өңірде вирустың тарау қарқыны – 1,0%, оның ішінде 326 симптомдық, 44 симптомсыз жағдай.
КВИ анықталған 370 жағдайдың 36-сы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген, ал оқушылар арасында 19 жағдай анықталды.
Облыс аудандары арасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші: Балқаш–8, Еңбекшіқазақ-15, Ескелді–15, Жамбыл–23, Іле-12, Қарасай-22, Қаратал-9, Кербұлақ-7, Кеген-9, Көксу-9, Панфилов–17, Сарқан-7, Талғар–36, Ұйғыр–10, Талдықорған–155, Текелі-16.
Сондай – ақ, бүгінгі күнге дейін 29 555 пациент ауруханадан жазылып шықты. Соңғы тәулікте стационардан 50 пациент және үй оқшаулауынан 215 адам шығарылды. Барлығы инфекциялық ауруханада - 617 адам жатыр, аурухана толымдылығы - 44,1%.
Айта кетейік, 618 034 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 482 437 тұрғын екінші рет вакцина алып үлгерген. Негізінен, жыл басынан бері Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінен 679 255 дозасы келіп түскен болатын.