Алматы облысында 2,5 тонна балық тəркіленді

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында соңғы он күн ішінде ұсталған браконьерлерден 2,5 тонна заңсыз ауланған балық тәркіленді. 113 заңбұзушылық анықталып, 33 факті бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

Ұсталған тұлғалардан 10 бірлік атыс қаруы тәркіленді, оның 2-уі заңсыз болып шықты.

Анықталған фактілердің ішінен полиция қызметкерлері Алакөл ауданында болған қылмыстық істі ерекшеледі.

Алакөл ауданының тауларында табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы қаласының тұрғыны басқарып келе жатқан «Тойота Ленд-Крузер» автокөлігін тоқтатты. Автокөліктің жүк салғышынан бөлшектенген сібір тауешкісінің денесі және тіркелмеген аңшы қаруы табылды. Жабайы жануарды атуға арналған қандай да бір рұқсат қағазды ер адам көрсете алмаған. Осыған байланысты, заңсыз аң аулау факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заңнамаға сәйкес мемлекетке келтірілген залал құны 340 мың теңгені құрауда.

Шара барысында бағалы ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің 30 фактісі анықталды. 8,26 кубметр ағаш тәркіленді, оның ішінде 2,98 текше мертрі Қазақстанда кесуге қатаң тыйым салынған сексеуіл болып шықты.

Соңғы жаңалықтар