01:32, 24 Сәуір 2021 | GMT +5
Алматы облысында 2-сыныптың екі оқушысы жоғалып кетті
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Кербұлақ ауданында екі оқушы жоғалып кетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Жоламан ауылының 2-сынып оқушылары 23 сәуір күні сағат 18.00 жоғалып кетті.
Абишев Нұрсұлтан Насылханұлы 01.04 2011 жылы туған. Айдар Айбар Даниярұлы 12.08.2011 жылы туған.
Табылуларына көмектесіңіздер, желідегі топтарға таратыңыздар», - деп жазды Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев өзінің Instagram парақшасында.