Алматы облысында 2 жасар бала қазылған орға құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайғылы оқиға кеше сағат 17:00-дер шамасында Жамбыл ауданының Ынтымақ ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында 2 жасар бала қазылған орға құлады

«Жеке үй аумағында үлкендердің қарауынсыз қалған бала қазылған орға абайсызда құлап кетіп, сол жерде жан тапсырды. Бала 2016 жылы туған», - деп хабарланды ведомство хатында.

Сондай-ақ, кеше Шығыс Қазақстан облысын Зайсан қаласында төтенше жағдай болды. Қатты отын жағатын жылу пешінің ақауынан 1959 және 1960 жылы туған екі тұрғынға иіс тиген және ауруханаға жеткізілген.

Фото: bloknot-volgodonsk.ru