Алматы облысында 3,6 млн теңге пара алған әкім 6 жылға сотталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі жер телімдерін беру кезінде пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасай отырып.

«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі С. Күзембаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», - делінген хабарламада.

С. Күзембаев аудан аумағында орналасқан 4 жер телімін ұсынғаны үшін 3,6 млн теңге көлемінде пара алған. Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Іле аудандық сотының үкімімен С. Күзембаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Экс-әкім жазасын қауіпсіздік деңгейі төмен түзеу мекемесінде өтейтін болады. Сотталған адам өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар