Алматы облысында 30 минуттің ішінде екі жас жігіт жасанды тоғанға батып кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы облысында 30 минуттің ішінде екі жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Сенбі күні, 11 тамызда Алматы облысында Тұрар ауылының маңындағы жасанды тоғанға шомылу кезінде 21 жастағы жігіт суға кетті. Оның денесі Алматы облысы ТЖД судан құтқару қызметінің 3 адамы мен 1 бірлік техникасының күшімен судан шығарып алынды.
Осы Қарасай ауданында 30 минуттан кейін жасанды тоғанға 1991 жылы туған тағы бір жігіт батып кетті. Оның денесін іздестіруге Алматы облысы ТЖД судан құтқару қызметінің 3 адамы мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылуда.
Сондай-ақ Алматы облысының Қазақстан ауылының маңында Іле өзеніне 20 жастағы қыз суға кетті. Оның денесін іздестірумен Алматы облысы ТЖД судан құтқару күштерінің 3 адамы айналысуда және оған 1 бірлік техника жұмылдырылып отыр.