Алматы облысында 32 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында жыл басынан бері 306 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 32 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бүгінгі күні бізде құны 5,7 трлн теңгелік 306 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, оларда 32 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Олардың қатарында - 9 жоба трансұлттық компаниялардың, 44-і - шетелдіктердің қатысуымен жүзеге асырылды. Биылғы тамыз айында Қазақстанда тұңғыш рет  «WILO» неміс компаниясының сорғы құралдарын өндіру кешені іске қосылды. Кеше өткен индустрияландыру күнінде жеке логистикалық және қоймалық инфрақұрылымы бар, «Ролтон» брендімен өнім шығаратын  «Маревен Фуд» зауыты ашылды. Оның жылдық табыс көлемі - 21 млрд теңгені құрайды. Зауыт өнімінің шамамен 70% Орта Азия елдеріне эскпортқа шығаратын болады», - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, облыс басшысы жұмысшылардың жалақысын өсіру туралы мәліметтермен де бөлісті.

«Қазіргі кезде облыстағы 14 мың жұмыс беруші 32 мың жұмысшының жалақысын көтеруге дайын. Одан бөлек, бюджеттік ұйымдардың 41 мың қызметкерінің айлығы орта есеппен 35% өсті. Сол сияқты келер жылдың 1 қаңтарынан 133,5 мың адам Президенттің салықтық жүктемені төмендету жөніндегі бастамасынан кейін жоғарылатылған жалақы алатын болады. Жыл басынан бері облыстағы орташа айлық жалақы 5% өсіп, 114 мың теңгені құрап отыр. Халықтың нақты ақшалай кірісі 0,8%-ке өсті (68 мың теңге). Ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтерінің тарифтерін төмендету бойынша «Қапшағайжылу» тарифті 77%,  «Талдықорғанжылусервис» - 16,3%, «Жетісу Энерготрейд» - 2,4% төмендетті», - деп атап өтті А. Баталов. 

Соңғы жаңалықтар