20:27, 30 Шілде 2018 | GMT +6
Алматы облысында 39 жастағы ер адамға іздеу жарияланды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғар ауданының қылмыстық іздеу бөлімінің қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 39 жастағы азаматқа іздеу жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құлатаев Максим Амангельдіұлы, 1978 жылы туған. Талғар қаласында тұратын. Биылғы 6 шілдеде үйінен шығып кеткен, содан бері хабар-ошар жоқ. Белгілері: бойы 175-180 см. Арықтау келген, шашы қара, қысқа қырқылған. Үстінде көк жейде мен джинсы шалбар болған»,-деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.