Алматы облысында 42 жастағы әйел күйеуін өлтіріп алды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Талғар қаласының тұрғыны күйеуін өлтірді деп айыпталуда. 42 жастағы күдікті әйел кінәсін мойындап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қанды оқиға 26 қазан күні болған. Ерлі-зайыптылар ішімдік ішіп отырып, байланысып қалған. Ашуға булыққан келіншек күйеуін орындықпен ұрып, өлтірген.
«Қазір бұл орындық іске айғақ зат ретінде тіркелді. Оқиға ҚР ҚК 106 бабы 3-ші бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жалғасуда», деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, соққы салдарынан көз жұмған 52 жастағы ер азаматтың мүрдесін жедел жәрдем қызметінің мамандары тапқан. Қазіргі уақытта ұсталған 42 жастағы азаматша уақытша тергеу абақтысына қамалды.