Алматы облысында 48 үш ауысымды мектеп бар

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 48 үш ауысымды мектеп бар. Биыл 37-сінің мәселесі шешіледі. Ал 2018 жылы мұндай білім шаңырақтарының санын толықтай жою жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында 48 үш ауысымды мектеп бар

Сондай ақ биыл  өңірде 80 мектепке дейінгі мекеше ашылады. 6 мың бала қамтылады деп күтілуде. Бүгін бұл жөнінде облыс әкіміне өңірдегі білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова баяндады. Оның сөзінше, аталған салада атқарылатын жұмыс өте ауқымды. Кадрлардың біліктілігін арттыру, білім сапасын жақсарту, кадр тапшылығын шешу сынды мәселелер бар.

null 

Қазір облыста 2400 жуық ағылшын пәнінің мұғалімдері бар. Оларды арнайы тестілеуден өткізіп, білім деңгейін анықтау жұмысы алға қойылып отыр. Сондай ақ  биыл облыста 442 мұғалім зейнетке шығады. Олардың орнына мамандарды қабылдау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Еліміздегі төрт ЖОО-мен келіссөздер жүргізілуде. 

null 

Айта кету керек, бүгін Алматы облысының әкіміне әлеуметтік сала бойынша атқарылатын жұмыстарды, жаңа жобаларды таныстырды.

null