Алматы облысында 49 мың бала бірінші сыныпқа барды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Еркін ауылындағы №11 орта мектеп оқушылары мен Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерін Білім күнімен құттықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

 «Қымбатты оқушылар, құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Сіздерді шын жүректен Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Мемлекет қолдауының арқасында тек биылғы жылдың өзінде облысымыз бойынша 35 жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Ал олардың 24-і осы күні аудан-қалаларымызда алғашқы оқушыларына өз есіктерін ашты. Биылғы жылы алғаш рет мектеп табалдырығын 49 000 бүлдіршінің аттағаны да баршамыз үшін айтулы жаңалық. Осы балалардың барлығы және өздеріңіз де оқуда озат, шараларға қатысуда белсенді, алғыр әрі тәртіпті болатындықтарыңызға сенім білдіремін. Табыстың кілті білімде екендігін естеріңізден шығармаңыздар. Баршаңызға бар жақсылық пен сәттілік тілеймін», - деді облыс әкімінің орынбасары Ж.Омар.
null

Салтанатты жиын аяқталғаннан кейін Жақсылық Омар мектептің ішкі құрылымымен танысып, асханасы мен акт залын аралап шықты. Еркіндегі бұл мектеп өткен жылы күрделі жөндеуден өткен болатын. Осыдан кейін өңір басшысының орынбасары Талдықорғандағы гуманитарлық-техникалық колледж студенттерін оқу жылының басталуымен құттықтап қайтты.
null

Естеріңізге салар болсақ, Білім күніне орай облыстың халқы тығыз орналасқан Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Панфилов және Райымбек аудандарында жалпы саны 24 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Олардың екеуі күні кеше Жамбыл және Қарасай аудандарында берілген болса, қалған 22-сі бүгін ашылды.

 

Соңғы жаңалықтар