Алматы облысында 5 адам иіс тиіп уланып қалды
АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат - Алматы облысында 5 адам көмірқышқыл газына уланып ауруханаға жеткізілді,
деп хабарлады сенбі, қаңтардың 30-ы күні ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәлімдеуінше, кеше Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Түрген кентіндегі жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде, пештің ақауы салдарынан 5 адам иіс тиіп уланған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.