Алматы облысында 5 адамнан құралған отбасы белгісіз заттан уланды, 2 адам қаза болып, 3 бала ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы облысының Іле ауданында 27 қыркүйекте сағат 18.50-де «Хан Тәңірі» шаруа қожалығының аумағында өзінің үйінде 5 адам уланды. 57 жастағы ер адам мен 38 жастағы әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
1, 2 және 5 жастардағы үш бала аураханаға жеткізілді.