Алматы облысында 57 жастағы күдікті іздестіріліп жатыр
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Алакөл ауданының полицейлері Еркін Тұрлыбековты іздестіріп жатыр. 1962 жылғы азамат өзгенің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінді,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес күдікті бұған дейін Алакөл ауданындағы Достық ауылының тұрғыны болған.
"Егер кімде кім суреттегі адам жайлы қандай де бір ақпарат білетін болса 102 немесе 8 (728-33)2-11-48,8 702 563 15 55 номерлеріне хабарласуын сұраймыз",-делінген ведомствоның таратқан мәліметінде.
Қазір күдіктіні қолға түсіру мақсатында тәртіп сақшылары жұмыстарын жалғастыруда.