Алматы облысында 6 ауылдың атауы қазақшаланады
Бірлескен шешім-жобасында жазылғандай, Алматы облысының мына ауылдары мен ауыл округтеріне жаңа атау беріледі:
- Іле ауданы Энергетический ауыл округіне - Өтеген батыр;
- Іле ауданы Чапаев ауыл округі мен Чапаев ауылына - Байкент;
- Іле ауданы Междуреченск ауыл округі мен Междуреченск ауылына - Ақсай;
- Іле ауданы Энергетический ауыл округі Покровка ауылына - Кенен Әзірбаев;
- Іле ауданы КазЦИК ауыл округі Комсомол ауылына – Жайнақ;
- Талғар ауданы Панфилов ауыл округі Қызыл Ту-4 ауылына - Жібек жолы атауы беріледі.
«Осы Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының бірлескен шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымға жүктелсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.
Шешім 22 маусымға дейін көпшілік талқыда болады.