Алматы облысында 6 көлік қар құрсауында қалып қойды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Талдықорған-Тапал» автожолының 36-39-ыншы шақырымында 6 көлік (ауыр жүктерді тасуға арналған 3 көлік және 3 жеңіл көлік) қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Алматы облысында 6 көлік қар құрсауында қалып қойды - ҚР ТЖМ

Талдықорған қалалық Шұғыл құтқару жасағының көмегімен (жеке құрамның 5 адамы және 1 техника) көліктер жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.