Алматы облысында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

  ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды. Шараға облыс әкімі Амандық Баталов қатысып, оқушыларды, олардың ата-аналары мен ұстаздарды қуанышты сәттерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы мемлекеттік қолдау мен Елбасының қазақстандық өскелең жас ұрпаққа деген тұрақты қамқорлығының арқасында биылғы жылы Алматы облысында 41 жаңа мектептің құрылысы жүргізіліліп жатқандығын тілге тиек етті. Оның 35-і ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін болса, 24-і Білім күні қарсаңында берілгелі тұр. Соның ішінде бүгінгі салтанатты түрде ашылып жатқан №1 Рахат орта мектебі де бар екендігін атап өтті.
null 

«Құрметті оқушылар және ата-аналар! Сіздерді шын жүректен осынау қуанышты сәттеріңізбен құттықтаймын. Жаңа мектептің қабырғасында сіздер толық мүмкіндіктеріңізді пайдалана отырып, сапалы білім алып, өз күштеріңізге сенім танытып, тәрбиелі де саналы азамат болып шығатындықтарыңызға толық сенім білдіремін. Мектептің педагогикалық  ұжымының жұмысына табыс, жоғары көрсеткіштер мен сәттілік тілеймін, - деді Амандық Баталов.
null  

Осыдан кейін Білім кілтін табыстау рәсімі қалыптасқан үрдіске сай мектеп директоры Бибігүл Букаеваға табысталды. Жаңа мектептің лентасы қиылғаннан кейін өңір басшысы мектептің ішіне еніп, биология кабинеті мен лабораториясын, сондай-ақ өзге де оқу кабинеттерін аралап көрді.

Еске салар болсақ, құрылыс жұмыстарын «Жөндеу құрылыс» ЖШС жүргізді. Жобаның жалпы сметалық құны - 1,4 млрд теңге. Мектеп екі қабатты, 600 оқушыға арналған. Мектепте қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген физика, химия кабинеттері, акт және спорт залдары, асхана, мультимедиялы-лингафондық кабинет пен өзге де кабинеттер қарастырылған. Мектептің педагогикалық құрамында 83 мұғалім бар.
null 
null 

Соңғы жаңалықтар