Алматы облысында 85 гектар жер өртке оранды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат- Алматы облысында 85 гектар жер өртке оранды.
Тілсіз жау Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы селолық округінің «Ұзынқарғалы» шатқалы аумағын шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұзынқарғалы» шатқалы аумағында құрғақ шөптің өртеніп жатқандығы жөнінде ақпарат облыстық ТЖД-не 23-ші тамыз күні сағат 14:42 де түскен. Ал, қызыл жалын 24-ші тамыз күні кешкі сағат 17:18 де сөндірілді. Дала өртін ауыздықтауға төтеншеліктер, әскерилер мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды.
Жалпы жыл басынан бері Алматы облысында 9 дала өрті тіркелген. Төтеншеліктер, тұрғындарға табиғат аясына шыққанда өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.