Алматы облысында 86 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 2017-2020 жылдар аралағында  86 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Құны 1,6 триллион теңге. 

Алматы облысында  86 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Кемінде 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде облыс әкімі Амандық Баталов халықаралық форумда мәлім етті. Биыл облыста оның 30-н іске қосу көзделіп отыр. Ал өткен жылы өңірде 31 жоба жұмысын бастап, 1765 жаңа жұмыс орны ашылған болатын.

Сондай-ақ өңір басшысы өзінің баяндамасында облыс бойынша 24 колледжге дуальді оқыту жүйесі енгізілгенін мәлім етті. 37 мамандық бойынша мыңнан аса студент білімдерін практика жүзінде шыңдайтын болады. Осы мақсатта облыстың  123 кәсіпорынымен арнайы келісімшарт жасалған.

Айта кету керек, Талдықорғанда «Білім.Бизнес.Кәсіп» атты І халықаралық форум ұйымдастырылды. Онда білім беру саласының сарапшылары мен кәсіпкерлер бизнеске қажетті кадрлар  мәселесін  көтеріп, оқу орындарының сұранысқа ұсыныс жасай алмай отырғанын сынға алды.