Алматы облысында 950 адам ауруханада коронавирустан емделіп жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 467 адам КВИ жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«21 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірде 950 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 136 адам түсті. Өңір ауруханаларындағы төсек-орын саны – 2330. Төсек-орын жүктемесі – 40,7%. Жансақтау бөлімінде 9 адам бар. Жансақтау бөліміндегі төсек-орын жүктемесі - 3,8% (233 жатын орын). Соңғы 3 күнде 9521 адамның коронавирусқа сынамасы зертханада тексерілді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алғандар саны – 916 417, екінші компонентін алғандар – 854 169 адам.

467 жағдайдың ішінде Талдықорғанда 104 адамнан коронавирус анықталған.

Қарасай және Талғар аудандарында 69 жағдайдан, Ұйғыр ауданында – 32, Еңбекшіқазақ ауданында – 26, Жамбыл ауданында – 24, Балқаш және Кербұлақ аудандарында 18 жағдайдан, Текелі қаласында – 16, Панфилов, Қаратал аудандары мен Қапшағай қаласында 14 жағдайдан, Ескелді ауданында – 13, Іле ауданында – 11, Көксу ауданында – 10, Алакөл ауданында – 8, Кеген ауданында – 4, Райымбек ауданында 3 жағдай тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 268 адам емделіп шықты. Өңір «қызыл» аймақта.


Соңғы жаңалықтар