Алматы облысында «А» вирустық гепатитін жұқтырған тағы 8 адам анықталды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысы Талғар ауданы Бесқайнар ауылында «А» вирустық гепатитін жұқтырған тағы 8 адам анықталды,

Алматы облысында «А» вирустық гепатитін жұқтырған тағы 8 адам анықталды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Еліміздің санэпидемиологтары «А» вирустық гепатиті таралуының алдын алу шараларын жүргізуді жалғастырып келеді. Аталмыш дертке қарсы 466 адам иммундаудан өткізіліп, вакцина егілді. Оның 403-і жасы 1 мен 14 аралығындағы балалар.

Еске сала кетейік, бұрындары хабарланғанындай, осыдан 4 күн бұрын аталмыш ауылда 19 адам «А» гепатитін жұқтырып, ауруханаға түскен болатын. Аурудың ошағы сол өңірдегі табиғи демалыс орнынан анықталды. Вирус адамдарға сапасыз су арқылы жұққан.