Алматы облысында адам ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тәртіп сақшылары адам ұрлап, жарты миллион теңге бопсалаған азаматтарды құрықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жуырда Талғар аудандық Ішкі істер бөліміне Алматы қаласының тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулер бауырын ұрлап, 500 мың теңге талап етіп отырғанын айтқан. Сондай-ақ ол сұраған ақшаларын тапқанын және оны апарып беру үшін шығып бара жатқанын ескерткен. Кейін ол бауырын ұрлағандардың біріне 450 мың теңге апарып берген. Ақша қолына түсе салысымен күдікті көпқабатты үйлердің ауласына жасырынған.

Аталмыш факті бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, полицейлер көз ұзамай қылмыстық топты қолға түсірді. Тұтқындау барысында олардан 450 мың теңге табылды.

Жедел операция барысында еш жерде жұмыс істемейтін 21 мен 27 жас аралығындағы Оңтүстік Қазақстан облысының 5 азаматы ұсталды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 125-бабы яғни, адам ұрлау фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар