Алматы облысында адамды қағып өлтірген жүргізушінің ішімдік ішкені анықталды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 1969 жылғы азаматты көлігімен қағып кеткен азаматтың ішімдік ішкені анықталды. Қазір 48 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны күдікті ретінде тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматы облысында адамды қағып өлтірген жүргізушінің ішімдік ішкені анықталды

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мəліметінше, қайғылы жағдай сəуірдің 8-нен 9-на қараған түні болған. Оқиға Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылына жақын орналасқан жеке меншіктегі кəсіпорынның аумағында болды.

«Медициналық тексеріс кезінде жүк көлігінің жүргізушісі ішімдік ішкен. Орта деңгейлі мас болған.1969 жылғы азамат оқиға орнында көз жұмды. Қазір қажетті медициналық сараптамалар тағайындалды»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда.