Алматы облысында «Ақ дастархан-2016» байқауы өз мәресіне жетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда «Ақ дастархан-2016» атты облыстық аспаздар байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

5-ші рет өткізіліп отырған дәм додасына Алматы облысының 16 аудан 3 қаласынан 25 команда қатысты. Әр топ құрамында 2 аспаз, мейрамхана иесі мен кәсіпкерлік бөлімінің бір өкілі болды. Олар дәмі тіл үйіретін тағамдарды дайындап қана қоймай, оны халыққа ұсыну мәнері, дастарханды әдемілеп безендіру, және қызмет көрсету бойынша сайысты. Талғар ауданы мен Райымбек ауданынан келген аспаздар үздік үштіктен көрінсе, Талдықорған қаласындағы «Кишлак» мейрамханасы бас жүлдені  қанжығалады. Жалпы бұл байқаудың басты мақсаты қоғамдық тамақтану орындарына өзара бәсекелестік туғызып, мейрамхана бизнесінің сапасын көтеру. Сондай-ақ бұл жерде әр ауданнан келген аспаздар өзара тәжірбие алмасу мүмкіндігіне ие болады.

nullnull

Соңғы жаңалықтар