Алматы облысында әкесі зорлады делінген апалы-сіңлілі қыздар полиция қорғауына алынды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысында әкесінің тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған апалы-сіңлілер полицияның қорғауына алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.
None
Видеодан алынған кадр

28 мамыр күні 2001 жылғы Ц. және 2003 жылғы Ц. өтініші бойынша Еңбекшіқазақ ауданы полициясында ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі (сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша екі қылмыстық іс тіркелді.

Жүргізілген тергеу мен жедел-іздестіру кезінде жәбірленушілердің әкесі - 57 жастағы күдікті Ц. есімді азамат анықталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс фигурантының қатысуымен аса ауыр қылмыс жасалған мән-жайды жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Тиісті сараптама тағайындалды.

Жәбірленуші қыздар сотқа дейінгі тергеу кезінде полицейлердің қорғауына алынды.

Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Тергеу барысы облыс полиция департаменті бастығының бақылауында.


Соңғы жаңалықтар